11
декабрь
2023
Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек
Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде пән мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында 11-20 желтоқсан аралығында «Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек» тақырыбында онкүндік жоспарланды. Онкүндік жоспарына сай директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Жумагулов Б.О. пен Калмаханбетова Э.Ж. пән мұғалімдерін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұсынған «Орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг нәтижелерін кешенді талдау (ББЖМ-2023) аналитикалық есебімен таныстырып, талдаудағы 4,9 сыныптардағы қиындық туғызған тақырыптар талқыланды.