29
сентябрь
2025
Бос жұмыс орынға конкурс жариялау
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің "Әмеди Хасенов атындағы № 11жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос орындарға конкурс жариялайды.
1. Жамбыл облысы, Меркі ауданы,Ақермен ауылы, Төле би көшесі № 37 мекен жайында орналасқан байланыс номері: 872 632 26438
Электрондық пошта:akermen-school11@yandex.kz
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің "Әмеди Хасенов актындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Педагог психолог" бос лауазымына орналасуға КОНКУРС жариялайды.2. Лауазымдар атауы:
Педагог- психолог(уақытша) -1 жүктеме
3. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім.
4. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 30.09.2025-08.10.2025 жыл аралығы.
5. Қажетті құжаттар тізбесі:
1) Осы Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмеле
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;
12) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
13) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат. "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің "Әмеди Хасенов атындағы № 11жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос орындарға конкурс жариялайды.