30
декабрь
2024
«Кел Жаңа жыл-жаңа жыл!» тақырыбындағы аудан әкімінің шыршасы
2024 жылы 27 желтоқсанда Әмеди Хасенов атындағы №11жалпы орта білім беретін мектебінің көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан 3 білім алушысы Меркі ауданы оқушылар Үміт сарайында «Кел Жаңа жыл-жаңа жыл!» тақырыбындағы аудан әкімінің шыршасына қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Өмірбеков Мейірхан Азатұлы және аудандық білім бөлімінің басшысы Алтынбаева Айгерім Ахановна әкім шыршасына қатысқан білім алушыларды жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Мерекелік кеш білім алушылардың естерінде қалатындай көңіл күй сыйлады. Әкім шыршасына қатысқан білім алушылар ризашылықтарын білдіріп, жаңа жылдық сыйлықтарын алып, қуанышты көңіл -күймен тарқады.